Қазақ тағамдары Таллиннде өткен аспаздық фестивальдің бір бөлігіне айналды

Қазақ тағамдары Таллиннде өткен аспаздық фестивальдің бір бөлігіне айналды

14 мамырда Эстония астанасында қала күніне арналған «Grill Fest Pirita» көше тағамдарының фестивалі өтті, онда Таллинн тұрғындарына әлемнің түрлі халықтарының ұлттық тағамдары ұсынылды. Іс-шара аясында Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды, онда «Атамекен» қазақ қоғамы Таллинн тұрғындары мен қонақтарына қазақтың ең танымал тағамдарын және музыкалық аспаптар мен қолөнер бұйымдары түріндегі ұлттық кәдесыйларды ұсынуға мүмкіндік алды.

Жыл сайын өткізілетін Grill Fest фестивалінің мақсаты – Эстония тұрғындарын әлем халықтарының дәстүрлерімен таныстыру және Эстония астанасын халықаралық іс-шаралар орталығы ретінде насихаттау. Қазақстандық стенд биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр, болашақта оны фестивальде тұрақты негізде бекіту жоспарлануда.