
Таллинн, 2023 жылғы 26 сәуір – Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов «Mootor Grupp» эстондық концернінің басқарма төрағасы Хуго Осуламен кездесті.
Қазақстан Республикасының Эстониядағы Құрметті консулы Денис Бородичтің қатысуымен өткен әңгіме барысында көлік саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды.
Mootor Grupp – көлік кәсіпорындарын басқаратын, әкімшілік ететін және дамытатын эстониялық ірі холдинг (Tallinna Bussijaam, SEBE, Lux Express, Busland, Turnit, Tpilet, Cargobus, Milworks, Lux Charter, Timeless buses, LE Bus Service).