ҚР азаматтары үшін маңызды хабарлама

ҚР азаматтары үшін маңызды хабарлама

Құрметті Қазақстан азаматтары!

Коронавирустың (COVID19) жаңа түрінен туындаған айрықша эпидемиологиялық жағдайға байланысты Эстонияда 2020 жылдың 1 мамырына дейін төтенше жағдай жарияланды, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына» және «Алматы халықаралық әуежайына» барлық халықаралық жоспарлы және эвакуациялық жолаушылар рейстерінің келуі тоқтатылды. 

Осы жағдайды ескере отырып, ҚР Эстониядағы Елшілігі Эстониядан немесе Еуропаның хаб-қалаларынан арнайы коммерциялық рейстерді ұйымдастыру үшін өз Отанына оралуға ниет білдірген азаматтардың тізімін дайындауда.

Рейстерді ұйымдастыруға өтініш жіберу үшін Елшілік арнайы рейспен ұшқысы келетін қазақстандықтардың саны туралы мәліметтерді ұсынуы керек. Әуе кемесінің сыйымдылығы және азаматтардың өз есебінен сатып алатын билеттер құны жолаушылар санына байланысты болады.

Осыған байланысты, Қазақстанға оралғысы келетіндердің барлығынан tallinn@mfa.kz немесе meiram.mutashev@gmail.com электрондық пошталарына    6 сәуірге дейін келесі ақпаратты жіберуді сұраймыз: аты-жөні, туған жылы, төлқұжат нөмірі, ұялы телефон, Эстониядағы тұрғылықты жері, Қазақстанда тұрғылықты жері және Эстонияда болуыңыздың себебі (жұмыс, оқу және т.б.).

Сіздердің назарларыңызға бұл арнайы рейсті ұйымдастырудың кепілі болмайтындығына назар аударғымыз келеді. Мұндай рейс ұшатын болса, Қазақстанның қай қаласына жіберілетіні әлі белгісіз.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Эстониядағы Елшілігінде коронавирустың таралуына жедел штабтары бар екенін естеріңізге саламыз. Сұрақтар туындаған жағдайда, төмендегі байланыс телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

ҚР СІМ:

Телефондар: 9:30-дан бастап 18:30-ға дейін: +7 7172 720 046, +7 7172 720 047, +7 7172 720 549;

Түнгі уақытта және демалыс күндері: +7 7172 720 111

ҚР Эстониядағы Елшілігі:

+3726622926

+37258875180

+37253765350