
Таллинн, 2023 жылғы 22 ақпан – Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов «Эстония темір жолы» АҚ (Eesti Raudtee) басқарма төрағасы Кайдо Циммерманнмен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар ү.ж. ақпан айының басында өткен Эстониялық компанияның Қазақстанға сапарының нәтижелерін және екі елдің жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастығының перспективаларын талқылады. Осыған байланысты, көліктік-логистикалық қатынастарды кеңейту үшін айтарлықтай әлеуеттің болуы мен оны іске асыруға өзара қызығушылықтың бар екендігі анықталды.
Кездесу соңында ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және қалыптасқан өзара іс-қимылды кеңейту бойынша нақты әрекеттерді бастау қажеттігі атап өтілді.