
Таллинн, 2023 жылғы 23 қаңтар – Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының Экономика және коммуникациялар министрлігінің вице-канцлері Каупо Ляанерандпен кездесті.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Эстония ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ Эстония делегациясының Қазақстанға алдағы сапарын талқылады.
Осы орайда қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар мен инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары туралы хабардар етті. Өз кезегінде К.Ляанеранд Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру мақсатында алдағы уақытта бірлескен іс-қимылдар туралы келісті.