
Таллинн, 2023 жылғы 18 қаңтар – Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Мажарстанның Эстония Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Пал Андрашпен кездесті.
Мажар дипломатының ізеттілік жүздесуі барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты.
Әңгіме соңында Н.Сейтімов П.Андрашты Эстония Республикасындағы дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.