Қазақстан мен Эстония реадмиссия туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Эстония реадмиссия туралы келісімге қол қойды

Астана, 2022 жылғы 15 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде Қазақстан мен Эстония арасындағы реадмиссия туралы Үкіметаралық келісімге қол қою рәсімі өтті.

Екі елдің реадмиссиясының құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін реттейтін құжатқа Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен Эстонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тоомас Тирс қол қойды.

Құжат тараптар қажетті мемлекетішілік рәсімдерді өткізгеннен кейін күшіне енеді.

Фото: polisia.kz