Таллинн, 2022 жылғы 3 желтоқсан – Қазақстанның Елшілігі Эстониядағы қазақ қауымдастығымен бірлесіп Таллиннің Халықаралық әйелдер клубы ұйымдастырған 17-ші Халықаралық Рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.
Жәрмеңкеге келушілердің қызығушылығын ұлттық мәдениет элементтері: кәдесыйлар, салт-дәстүрлер мен күнделікті тұрмыс туралы танымдық кітаптар, аспаздық өнер үлгілері бейнеленген Қазақстан стенді қызықтырды.
Шара жыл сайын Таллинн Балтық нарығында өтеді. Барлық түскен қаражат жергілікті балалар мен әйелдерге арналған қайырымдылық қорларына беріледі.