
Құрметті достар!
2022 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Елшілігі Эстониядағы қазақ қоғамдастығымен бірлесіп Таллиннің Халықаралық әйелдер клубы ұйымдастырған 17-ші International Christmas Bazaar жәрмеңкесіне қатысады. Барлық түскен қаражат жергілікті балалар мен әйелдерге арналған қайырымдылық қорларына беріледі.
Жәрмеңкеде қазақтың ұлттық кәдесыйлары, кітаптары, ұлттық тағамдары мен халық тұтынатын тауарлары қойылады.
Сіздерді Қазақстандық бұрышымызды қолдап, қайырымдылыққа үлес қосуға шақырамыз.
Күні: 3.12.2022
Өтетін жері: Копли 1 Балтық базарының көше платформасында (Balti Jaama Turg)
Уақыты: 12:00-16:00