Қазақстан Елшісі Н.Сейтімов Эстония Республикасының экс-Президенті А.Рюйтелмен кездесті

Қазақстан Елшісі Н.Сейтімов Эстония Республикасының экс-Президенті А.Рюйтелмен кездесті

2020 жылғы 4 наурызда Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Н.Сейтімов Эстония Республикасының экс-Президенті (2001-2006 жж.), Эстония Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы (1990-1992 жж.) А.Рюйтелмен кездесті.

Кездесу барысында А.Рюйтель мырза Кеңес Одағы кезіндегі және екі елдің тәуелсіздігінің алғашқы қиын жылдарындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевпен болған кездесулерін жылы еске алып, қазіргі Қазақстанның жетістіктері мен беделін атап өтті.

Елші Н.Сейтімов сұхбаттасушыны Қазақстандағы болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етті және қазақстан-эстония қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды.

Әңгіме соңында А.Рюйтель мырза Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа, ел басшылығына және бүкіл қазақ халқына ізгі тілектерін жеткізді, біздің мемлекеттеріміздің екіжақты ынтымақтастығы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.