
Қазақстанның Елшісі Н.Сейтімов Эстониядағы ірі көпсалалы өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі «BLRT Grupp» компаниясында болды.
Қазақстандық дипломат концерннің кеме жасау, құрал-жабдық өндіру, металл өңдеу және көлік инфрақұрылымы салаларындағы қызметімен танысты.
Басқарма төрағасы Ф.Берманмен әңгімелесу барысында қазақстандық кәсіпорындармен ықтимал ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Анықтама үшін: BLRT Grupp Эстониядағы ең ірі концерн болып табылады, оның қызметіне кеме жасау және кеме жөндеу, жоғары технологиялық жабдықтар мен күрделі металл құрылымдарын өндіру, көлік және порт қызметтері кіреді. Компанияда Эстония, Латвия, Литва, Польша, Украина, Финляндия және Норвегия нарықтарында жұмыс істейтін 50-ден астам компания бар.