
Таллинн, 2022 жылғы 23 қараша – Қазақстанның Елшісі Н.Сейтімов эстониялық «Capital Mill» компаниясының басқарма мүшесі И.Мёльдермен кездесіп, оның компанияны жылжымайтын мүлікті дамыту жобалары саласындағы қызметімен танысты.
Әңгімелесу барысында тараптар ықтимал ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Анықтама үшін: Capital Mill – 2008 жылы құрылған Балтық елдерінде жылжымайтын мүлік саласын инвестициялаумен айналысатын компания. Осы жылдар ішінде компанияның инвестициялық портфелі шамамен 400 миллион еуроға жетті.