
2020 жылғы 3 наурызда Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Н.Сейтімов Эстонияның Премьер-Министрі Ю.Ратаспен кездесті.
Кездесу барысында Премьер-Министр Ю.Ратас эстон тарапы Қазақстан басшылығының Эстониядағы дипломатиялық миссиясының деңгейін Елшілік деңгейіне дейін көтеру туралы шешіміне өте қуанышты екенін және екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге барлық көмек көрсетуге дайын екендігін хабарлады.
Тараптар транзиттік-логистикалық салада, денсаулық сақтау, білім беру, ауылшаруашылығы және басқа салаларды цифрландыру бойынша ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру кезіндегі ең жақсы халықаралық тәжірибенің бірі саналатын Эстония тәжірибесін қолдана отырып, ынтымақтастықтың маңызды әлеуетін атап өтті.
Елші Н.Сейтімов сұхбаттасушыны Қазақстандағы болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер, шетелдік инвестициялар үшін жасалған қолайлы жағдайлар туралы хабардар етті.
Тараптар өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және нығайтуға дайын екендіктерін растады.


