Қазақстан Елшісі эстониялық «Mootor Grupp» компаниясының басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі эстониялық «Mootor Grupp» компаниясының басшылығымен кездесті

Таллинн, 2022 жылғы 17 қараша – Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов «Mootor Grupp» концернінің басқарма төрағасы Хуго Осуламен кездесіп, Эстония мен Балтық елдеріндегі жолаушылар тасымалы саласындағы ірі компанияның қызметімен танысты.

Әңгімелесу барысында тараптар қазақстандық кәсіпорындармен ықтимал ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру бойынша бастамаларды ілгерілету қажеттілігі атап көрсетілді.

Анықтама: Mootor Grupp – көлік кәсіпорындарын басқаратын, әкімшілік ететін және дамытатын эстониялық ірі холдинг (Tallinna Bussijaam, SEBE, Lux Express, Busland, Turnit, Tpilet, Cargobus, Milworks, Lux Charter, Timeless buses, LE Bus Service).