Эстониялық сарапшылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың маңыздылығын атап өтті

Эстониялық сарапшылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың маңыздылығын атап өтті

Таллинн, 2022 жылғы 11 қараша – Таллинндегі Қазақстанның Елшілігінде эстон сарапшыларының қатысуымен Қазақстандағы саяси реформалар тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Арасында Эстонияның дипломатиялық және іскер топтарының өкілдері бар іс-шараға қатысушылар елде болып жатқан құрылымдық саяси қайта құрулар тұрғысында Қазақстандағы ағымдағы ахуалды талқылады.

Осыған байланысты 2022 жылғы 20 қарашада өтетін, сайлау циклін бастайтын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына ерекше назар аударылды, оның қорытындысы бойынша мемлекеттің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі қайта жаңғырту күтілуде.

Атап айтқанда, іс-шараға қатысушылар заңнамалық жаңа енгізілімдер мен электоралдық үдерістен күтілетін нәтижеге барынша назар аударды. Сарапшылардың пікірінше, кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлаулар елдің саяси жүйесін жоспарлы түрлендіру жолында қоғамдық алаңды қайта іске қосуы мүмкін. Бұл тұрғыда алдағы өзгерістер азаматтардың мемлекеттік құрылымды өзгертуге тікелей қатысуына мүмкіндік береді. «Қазақстан билігі ұсынып отырған реформалар мен сайлаулар елдің даму шарттарын сапалы өзгертуге деген ұмтылыстың белгісі болып табылады. Демократияның барлық ережелеріне сәйкес елдің даму жолдарын талқылауға азаматтардың белсенді қатысуы маңызды», - деді Эстонияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Хейти Мяемеэс.

Кездесуге қатысушылар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын да талқылап, Қазақстан мен Эстония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.