Таллиннде Республика күнін және Қазақстан мен Эстония арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылуының 30 жылдығын атап өтті

Таллиннде Республика күнін және Қазақстан мен Эстония арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылуының 30 жылдығын атап өтті

Таллинн, 2022 жылғы 31 қазан – Эстония астанасында Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге және Қазақстан мен Эстония арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өтті, оған Таллинн қаласының мэрі Михаил Кылварт, Рийгикогу депутаттары, елде тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, жергілікті мемлекеттік органдардың, іскерлік және ғылыми-мәдени топтардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ қазақ диаспорасы қатысты.

Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Сейтімов құттықтау сөзінде қонақтарға өткен жылы атап өтілген ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы іс-шараның маңыздылығы, сыртқы саясаттың негізгі аспектілері, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» бастамасымен жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалар мен іргелі қайта құрулар туралы айтып берді.

Сонымен қатар қазақстандық дипломат биылғы жылы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнатылғанына 30 жыл толған екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың қазіргі динамикасына баға берді. Осыған байланысты Қазақстан үшін оның Балтық өңіріндегі басты серіктестерінің бірі ретінде Эстониямен жан-жақты әріптестік қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шара аясында қонақтарға Қазақстанның бірегей табиғатымен және қазақ халқының мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік берген фотокөрме ұйымдастырылды.