Қазақстан мен Эстония сот әкімшілігі саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Эстония сот әкімшілігі саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Таллинн, 2022 жылғы 22 қазан –Құрамында  Сот әкімшілігі басшылығы бар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы Таллинн қаласында болып, Эстония Республикасының әділет органдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар сот ісін жүргізуді жетілдіру, іс жүргізуді цифрландыру және сот жүйесі жұмысының тиімділігін жалпы арттыру бойынша тәжірибе алмасты. Осы орайда тараптардың сот жүйесін одан әрі жетілдірудің түрлі аспектілерін зерделеуге және оның жұмысында жаңа заманауи әдістерді қолдануға қызығушылықтары бар екені белгілі болды.

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакировтың айтуынша, тиімді жұмыс тетіктерін құруда жеткен табыстарына байланысты Эстонияның тәжірибесін зерделеу Қазақстан үшін маңызды. Өз кезегінде, Эстония Республикасы Әділет министрлігінің сот әкімшілігі жөніндегі вице-канцлері Вильяр Пееп заманауи цифрлық шешімдерді белсенді түрде енгізуге мүмкіндік берген Қазақстандағы соңғы заңнамалық жаңалықтарды атап өтті.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру қажеттілігі атап өтілді.