Таллинн, 2022 жылғы 27 қыркүйек – Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Ирландияның Эстония Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Джеймс Шэрримен кездесті.
Келіссөздер аясында тараптарды қызықтыратын екіжақты және көпжақты ынтымақтастық тақырыптары талқыланды. Н.Сейтімов Дж.Шэрриді жаңа дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, одан әрі табыс тіледі.