
Құрметті Қазақстан азаматтары!
2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетінін хабарлаймыз.
Эстония Республикасының аумағында тұрақты тұратын және уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына сайлау құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.
Осыған орай Таллинн қаласында Rävala pst. 5 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 302 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады.
Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада (жексенбі) жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сайлау күні Сіздерде Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы тиіс.
Сіздерді № 302 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне қосу үшін tallinn@mfa.kz электрондық мекенжайына өздеріңізге қатысты мәліметтерді (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, паспорт нөмірі (берілген күні мен жарамдылық мерзімі), Эстонияда тұратын мекенжайы, байланыс деректері (телефон, электрондық пошта) алдын ала жіберу немесе онлайн сауалнама толтыру бойынша кеңес береміз.
Учаскеңіздің тізіміне енгізілгеніңізді Сіз Елшілікке +372 6622927 телефоны арқылы хабарласып тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз Елшілікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.
Алдағы сайлау туралы толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтынан (www.election.gov.kz) табуға болады.