
Таллинн, 2022 жылғы 26 қыркүйек – Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Германия Федеративтік Республикасының Эстония Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Аннете Клейнмен кездесті.
Неміс дипломаттың ізеттілік жүздесуі барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты.
Әңгіме соңында Н.Сейтімов А.Клейнді Эстония Республикасындағы дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.