
Ү.ж. 11 ақпанда Таллинде Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Сейтімовтің Эстония Республикасының Сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалумен кездесуі өтті.
Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілері және оларды дамыту перспективалары талқыланды.
У.Рейнсалу мырза Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігінің ашылуын ыстық ықыласпен қарсы алып, қазақстан-эстон мемлекетаралық қатынастарының жоғары деңгейі мен достық сипатын атап өтті.
Елші Н.Сейтімов тиімді іс-қимыл үшін алғышарттары бар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті: Эстония айтарлықтай жетістікке жеткен цифрландыру саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім беру процестерін ұйымдастыру.
Тараптар екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеру үшін тығыз ынтымақтастық туралы уағдаласты.