Таллинн қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған байқау өтті

Таллинн қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған байқау өтті

Таллинн, 2022 жылғы 5 қыркүйек - Қазақстанның Эстониядағы Елшілігінде белгілі қазақ ағартушысы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті, оған осы елде тұратын қазақстандық диаспораның өкілдері қатысты.

Байқауға қатысушылар белгілі авторлардың өлеңдерін оқу, монолог құрастыру және музыкалық композицияларды жаңғырту бойынша сайысқа түсті. Қазылар алқасы қатысушыларды дауыстың мәнерлілігі, таңдалған шығарманың күрделілігі және музыкалық аспапты меңгеру шеберлігі негізінде бағалады. Шығармашылық жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар ұлттық нақыштағы кәдесыйлар түріндегі бағалы сыйлықтар алды.

Өткен конкурстың мақсаты - қазақстандық жазушылардың көркем әдебиеті мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық бірлікті нығайту және патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен өнерге қоғамдық қызығушылықты арттыру, сондай-ақ жастар арасында оқу мәдениетін дамыту болып табылады.

Байқауға қатысушылар мен көрермендер мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және Қазақстанмен мәдени байланыстарды сақтау үшін осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Эстониядағы «Атамекен» Қазақ қоғамының жетекшісі Айдынай Бұхарбаева атап өткендей, «іс-шара ана тіліне деген қызығушылықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанда және одан тыс жерлерде танымал отандық мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығын зерделеу ниетін тудырды».