
Таллинн, 2022 жылғы 2 қыркүйек – Эстонияның архивтерді цифрландыру саласындағы тәжірибесін зерделеу және ынтымақтастық орнату мақсатында 31 тамыз-1 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Архиві мен Алматы Мемлекеттік архиві басшылығының Таллинн және Тарту қалаларына сапары өтті.
Сапар барысында қазақстандық мамандар Эстония Республикасы Ұлттық архивінің (Тарту), Эстония Киноархивінің және Таллин қалалық архивінің қызметімен танысуға, сондай-ақ озық технологияларды енгізу жағдайында саланың даму перспективаларына қатысты эстондық әріптестерімен пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Сапар сондай-ақ тараптар арасында жұмыс байланыстарын қалыптастыруға және болашақ өзара іс-қимылды мазмұнды толықтыру үшін нақты ұсыныстар әзірлеуге жәрдемдесті. ҚР Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина атап өткендей, Эстонияның цифрлық кеңістік құру бойынша жетістіктері Қазақстан үшін күмәнсіз қызығушылық тудырады, бұл қазақстандық тараптың эстондық әріптестерімен одан әрі тығыз ынтымақтастықты дамыту ниетінен көрінеді. Өз кезегінде Эстония Ұлттық архивінің басшысы Прийт Пирско мұндай сапарлар елдер арасында тәжірибе алмасу және архив ісі мамандарының кәсіби дағдыларын дамыту үшін қажет екенін атап өтті.