
Таллинн, 2022 жылғы 18 тамыз – Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстонияның Alexela Group концернінің басқарма төрағасы Хейти Хяэлмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Эстония кәсіпорнының қазақстандық серіктестерімен экономикалық ынтымақтастығының перспективалары мен нысандары, Қазақстанның әртүрлі салаларындағы инвестициялық және сауда мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан-Эстония екіжақты экономикалық ынтымақтастық шеңберіндегі жақын жоспарлар талқыланды.
Н.Сейтімов Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар, кәсіпкерлік қызмет үшін оңтайлы жағдайлар жасау және шетелдік бизнес үшін қазақстандық нарықтың инвестициялық тартымдылығын жоспарлы түрде арттыру бойынша ел басшылығының ағымдағы бастамалары туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша қажетті бизнес-байланыстарды орнату үшін нақты қадамдарға бастамашылық ету қажеттігі атап өтілді.