Қазақстан Елшісі эстониялық БАҚ өкілімен кездесті

Қазақстан Елшісі эстониялық БАҚ өкілімен кездесті

Таллинн, 2022 жылғы 21 маусым – Елші Нұрлан Сейтімов эстониялық журналист Вамбола Паавомен кездесіп, қазіргі саяси реформалар, ағымдағы әлеуметтік-экономикалық үдерістер, сондай-ақ Қазақстандағы маңызды мәдени іс-шаралар туралы айтты.

Осы орайда қазақстандық дипломат «Жаңа Қазақстанды» құру аясындағы саяси трансформацияның негізгі бағыттарын атап өтті, Еуразиядағы күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан-Эстония экономикалық қарым-қатынастарын дамыту перспективалары туралы ойларымен бөлісті, сұхбаттасушыны ағымдағы жылдың 5 маусымында Қазақстанда өткен ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау туралы референдумның қорытындыларымен таныстырды және республикада алдағы уақытта болатын  маңызды оқиғалар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтетінін хабарлады, оған әлемнің ең ірі діни ұйымдарының делегациялары қатысады.

Әңгімелесу соңында Елші Н.Сейтімов Эстонияның БАҚ өкілдерімен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін және Қазақстандағы оқиғаларды көрсету үшін БАҚ-пен байланыстарды сақтауға дайын екенін білдірді.