
Таллинн, 2022 жылғы 15 маусым – Қазақстан мен Эстония арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мақсатында Қазақстан Елшілігі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп, Таллиннің орталық кітапханасында қазақ әдебиетінің қорын ұйымдастыру үшін белгілі қазақстандық авторлардың туындыларын тапсырды.
Кездесу барысында Қазақстан Елшісі Н.Сейтімов Қазақстандағы қоғамдық-саяси дамудың қазіргі үрдістеріне тоқталып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің мәдени мұрасын жаңғыртудың негізгі бағыттарымен таныстырды.
Өз кезегінде кітапхана өкілі Н.Герьяк елдер арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын құптап, эстон оқырмандарының Қазақстан әдебиетімен танысуынан күтетін ойларымен бөлісті. «Эстония тұрғындары Қазақстанмен байланысын үзген жоқ және бұл елдегі оқиғаларды әрқашан қызығушылықпен бақылап отырады. Олар кітапхана ұсынатын жаңалықтарды бағалайтынына сенімдімін», - деп атап өтті Н.Герьяк.
Тараптар қазақстандық авторлар шығармаларының номенклатурасын тұрақты түрде жаңартып отыру арқылы ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.