Эстониялық сарапшылар Қазақстандағы конституциялық реформаның дер кезінде жасалып жатқанын атап өтті

Эстониялық сарапшылар Қазақстандағы конституциялық реформаның дер кезінде жасалып жатқанын атап өтті

Таллинн, 2022 жылғы 27 мамыр – Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында Таллинндегі Қазақстанның Елшілігінде Эстониялық сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысушылар, оның ішінде Эстонияның дипломатиялық, ғылыми және іскер топтарының өкілдері елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың келешегімен қатар, Қазақстанда болып жатқан саяси және экономикалық қайта құрулар тұрғысында елдегі өзекті ахуалды талқылады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру бойынша бастамашылық еткен ауқымды саяси реформаларды жүзеге асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдумға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, іс-шараға қатысушылар ұсынылған өзгерістердің мазмұнына және заңнамалық инновациялардың күтілетін тиімділігіне қызығушылық танытты. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірін жетік білетін сарапшылардың пікірінше, референдум ел дамуының жаңа векторының көрсеткіші болып табылады және азаматтардың мемлекеттік құрылымды өзгертуге тікелей қатысуына мүмкіндік береді.

Кездесуге қатысушылар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын да талқылап, Қазақстан мен Эстония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.