Таллинн, 2022 жылғы 27 мамыр – Бүгін Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған байланысты екі елдің сыртқы саяси ведомстволары Бірлескен коммюнике қабылдады.
Құжатта ынтымақтастықтың дәйекті дамуының отыз жылы ішінде Қазақстан мен Эстония егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу қағидаттарына сүйене отырып, өзара тиімді саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайта түскені атап өтілген.
Бірлескен коммюникеде тараптар барлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін растады.