ҚР Конституциясына түзетулер жобасы бойынша республикалық референдум туралы ақпараттық хабарлама

ҚР Конституциясына түзетулер жобасы бойынша республикалық референдум туралы ақпараттық хабарлама

Құрметті отандастар!

2022 жылғы 5 маусымда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігі жанындағы №302 дауыс беруге арналған учаскеде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Елшілік мекенжайы: Rävala pst. 5, 10143 Tallinn.

Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев ү.ж. 5 мамырда қол қойды.

Бұл өзгерістер еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселені республикалық референдумға шығаруды ұсынды – еліміз үшін мұндай маңызды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігінің жанындағы №302 дауыс беруге арналған учаскесінің тізіміне болу елінде тұрақты немесе уақытша тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

Құрметті азаматтар!

Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін Эстония Республикасы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, Эстонияда тұратын мекенжайы, байланыс деректері) Tallinn@mfa.kz электрондық мекенжайға «Референдум-2022» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс. Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Елшіліктің бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларында табуға болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз:

+372 6622927;

+372 6622926.

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының

Эстония Республикасындағы Елшілігі