Қазақстанның Финляндиядағы және Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқаратын Елшісі Мұрат Нұртілеуов Эстония Республикасының Премьер-министрі Юри Ратаспен кездесуі

Қазақстанның Финляндиядағы және Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқаратын Елшісі Мұрат Нұртілеуов Эстония Республикасының Премьер-министрі Юри Ратаспен кездесуі

14 қарашада Қазақстанның Финляндиядағы және Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқаратын елшісі Мұрат Нұртілеуов Эстония Республикасының Премьер-министрі (ЭР) Юри Ратаспен кездесті.

Ресми қабылдау барысында эстония үкіметінің басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Б. Сағынтаевқа маңызды келіссөздер үшін және ағымдағы жылғы 4-6 қарашада біздің елге жасаған өзінің алғашқы ресми сапары кезінде көрсеткен қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді.

Ю. Ратастың пікірінше, біздің мемлекет басшысымен, Қазақстан Республикасының Премьер-министрімен және Парламенті палаталарының төрағаларымен ашық әрі жемісті ой-пікір алмасу, сондай-ақ екі елдің өзекті басымдылықтарының ұқсас келуі, саяси тұрақтылығы, экономикалық және технологиялық жетістіктері қазақстандық-эстониялық кооперацияны жаңа өзара тиімді бағыттармен толтыру үшін қолайлы жағдай жасайды. «Қазақстан Эстонияның Орта Азиядағы маңызды әрі ірі серіктесі. Осыған байланысты, Астанада сәтті өткен диалогқа қарап, Қазақстан Республикасы және Эстония Республикасы арасындағы сауда және экономикалық қатынастарды кеңейтуде маңызды серпіннің бары туралы айтуға болады. Үкімет басшысы ретінде, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар, бизнес қоғамдастығы арасындағы байланысты белсендіруге толық қолдау көрсететін боламын», -деп мәлімдеді ол.

Тараптар цифрлық технологияда, білім беру, көлік, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларында өте тығыз қарым-қатынаста болу және тәжірибе алмасу үшін үлкен әлеуеттің барын тағы бір мәрте растайды.

Өз кезегінде, қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасындағы жаңартудың үшінші кезеңі және оның ірі аймақтық институттар мен халықаралық механизмдер шоғырланған Орта Азиядағы транзит-көлік, қаржы және іскерлік хаб ретіндегі рөлінің өсуі біздің елдердің ынтымақтастық қатынасының күн тәртібін практикалық контент арқылы әртараптандырып, ортақ жобаларды жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті. «Астана қаласындағы біздің достық қарым-қатынастағы мемлекеттердің басшылығы деңгейіндегі алдын ала келісімі дәл бүгінгі күні біздің қарым-қатынасымызды тұрақты саяси диалог тұрғысында шығару және ұзақ мерзімді экономикалық перспективаларды іске асыру үшін мықты негізді құруға қабілетті», - деп атап өтті М. Нұртілеуов.

Бұдан басқа, ортақ іс-шараларды келісу және экономикалық тректе қосымша өзара әрекет ету серпінін қалыптастыру бойынша бар күшін үйлестіру мақсатында, 15 қарашада Қазақстан Республикасының Елшісі Сыртқы істер, экономика және көлік, ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылығымен, сондай-ақ Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып жатқан 15 эстониялық компанияның басшыларымен бірнеше келіссөз жүргізді.

Өткен кездесулердің қорытындысы бойынша, тараптар 2019 жылы Қазақстанның астанасында өтетін Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі ортақ үкіметаралық комиссияның кезектен тыс отырысына дайындыққа кірісуге ниетті. Оның жұмысында басты назар Астана қаласында жоғары әрі биік деңгейде өткен кездесулер барысында қол жеткізілген алдын ала келісімдердің іске асырылуына аударылатын болады.