Қазақстан мен Эстония цифрлық технологиялар саласында ынтымақтастық нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Эстония цифрлық технологиялар саласында ынтымақтастық нығайтуға ниетті

Таллинн, 2022 жылғы 20 сәуір – Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов қазақстандық делегацияның және Эстонияның мемлекеттік мекемелерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Делегация құрамында ҚР Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және IT-компанияларының өкілдері болды.

Сапар барысында қазақстандық тарап Эстонияның мемлекеттік қызмет көрсету секторында цифрлық кеңістікті – медицина, салық, кедендік әкімшілендіру, білім беру, көлік логистикасының электронды жүйелерін құру, сондай-ақ технологиялық хабтарды қалыптастыру тәжірибесімен танысты. Қазақстандық қатысушылар мұндай кездесулердің пайдалылығын атап өтті. «Эстониялық тәжірибе – бұл жергілікті шығармашылық шешімдер мен алдыңғы қатарлы батыс технологияларының симбиозы. Мұның барлығы Қазақстанда толықтай жарамды, бұл тұрғыда біз пайдалы тәжірибе жинақтадық. Қазақстандық IT-шешімдер өз деңгейінде және Еуропа елдеріне экспорттау үшін үлкен әлеуетке ие», - деді қазақстандық «Deep Analytics» компаниясының бас директоры Мәди Жақыпов.

Эстония тарапы елдер арасындағы ақпарат алмасу мен болашақта байланыстарды жаңарту үшін мұндай іс-шаралардың маңыздылығына назар аударды. «Technopol» бизнес-инкубаторының өкілі Пирет Хирв «орнатылған байланыстар болашақта кейбір бірлескен жобаларға айналуы мүмкін» деп атап өтті.

Сапар сонымен қатар қазақстандық «Mediana Services Limited» IT компаниясы мен эстониялық «IN Deal OÜ» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімімен өтті. Келісім екі елдің елшіліктері Астана дипломатиялық клубымен бірлесіп ұйымдастырған Эстонияның цифрлық тәжірибесін зерттеу аясында 2021 жылғы қарашада қазақстандық делегацияның алдыңғы сапарының нәтижесі болды.