Эстонияның Сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Эстонияның Сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Таллинн, 2022 жылғы 19 сәуір – Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдігінің басшысы Маргус Ильмъярвпен кездесті.

Кездесу барысында ҚР мен ЭР кәсіпкерлерінің өзара тиімді ынтымақтастығының перспективалары мен нысандары, атап айтқанда, а.ж. сәуір-мамыр айларындағы Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу үшін экономикалық вебинар және Эстония кәсіпкерлері делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Н.Сейтімов Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, Мемлекет басшысының мемлекет пен бизнес мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік белсенділік үшін оңтайлы жағдайлар жасау, шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі ағымдағы бастамалары туралы хабардар етті.

М.Ильмъярв жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтіп, эстон бизнесінің қазақстандық нарыққа қызығушылығы туралы айтты. Оның пікірінше, «Қазақстан Орталық Азия өңірінде басты назарды өзіне аударып отыр, өйткені оның экономикасын дамытудың әлеуеті жоғары».

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және қалыптасқан өзара іс-қимылды кеңейту бойынша нақты әрекеттерді бастау қажеттілігі атап өтілді.