
Таллинн, 2022 жылғы 18 наурыз – Қазақстанның Елшісі Н.Сейтімов Эстониядағы «Атамекен» қазақ қоғамының жетекшісі А.Бұхарбаевамен кездесті.
Әңгімелесу барысында Эстонияда қазақ мәдениетін, тілі мен дәстүрін ілгерілету бойынша бірлескен жоспарлар талқыланды. Осыған орай, ортақ мәдени құндылықтарды танымал ету үшін отандастарды біріктірудің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, Президент Қ.Тоқаевтың саяси және экономикалық реформалар туралы халыққа Жолдауында айтылған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму барысы, Р.Бағланованың 100 жылдығына және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шаралар, сондай-ақ ұлттық мерекелерді, атап айтқанда «Наурыз» мейрамын ұйымдастыру туралы пікір алмасу болды.
Қызметі қазақтардың мәдени мұрасын әлемге танытуға бағытталған «Отандастар қоры» қоғамдық ұйымымен белсенді өзара іс-қимыл жасау қажеттігіне аса назар аударылды.