Қазақстанға кіру туралы маңызды ақпарат

Қазақстанға кіру туралы маңызды ақпарат

2022 жылғы 7 ақпанда карантиндік шектеулер кезеңінде қолданылатын Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, визасыз режим бар елдердің (57 мемлекет), оның ішінде Эстония азаматтарына халықаралық әуежайлар арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіруге/транзитке рұқсат етіледі. Қазақстанға 30 күнге дейін қосымша рұқсаттарсыз және визасыз бара алады.

Балаларды алып жүретін адамдарда Анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балалардан; ҚР шекарасын кесіп өткен сәтте құжаттамалық растау ұсынған кезде Қазақстан Республикасында ревакцинация немесе егер екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан аспайтын уақыт өткен болса, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдардан; Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған  COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы ұсынған адамдардан ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсыну талап етілмейді. Эстония Республикасының COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспорты/сертификаты/анықтамасы Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған.