Қазақстан Елшісі Эстония темір жолының басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі Эстония темір жолының басшылығымен кездесті

Таллинн, 2022 жылғы 22 ақпан – Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов «Эстония темір жолы» АҚ (Eesti Raudtee) басқарма төрағасы Кайдо Зиммерманнмен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар екі елдің жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастығын, атап айтқанда, Қазақстаннан құрамдас материалдар экспортын ұйымдастыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылды талқылады. Осы орайда қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанда экспорттық әлеуетті кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті және қазақстандық кәсіпорындар шығаратын темір жол көлігіне арналған өнімдердің тізімімен таныстырды.

Кездесу соңында ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және қалыптасқан өзара іс-қимылды кеңейту бойынша нақты әрекеттерді бастау қажеттігі атап өтілді.