
Құрметті азаматтар!
2022 жылғы 7 ақпанда карантиндік шектеулер кезеңінде қолданылатын Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, визасыз режим бар елдердің (57 мемлекет), оның ішінде Эстония азаматтарына халықаралық әуежайлар арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіруге/транзитке рұқсат етіледі.
Осылайша, ПТР тесті теріс нәтиже алған (72 сағат жарамды) Эстония азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейін қосымша рұқсаттарсыз және визасыз бара алады.
Елге кіру үшін теріс ПТР тесті Эстония мен Қазақстан азаматтарына қажет екеніне назар аударамыз.