Эстонияның экс-Президенті А.Рюйтель «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен марапатталды

Эстонияның экс-Президенті А.Рюйтель «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен марапатталды

Таллинн, 2021 жылғы 27 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан-Эстония қарым-қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Эстонияның экс-Президенті Арнольд Рюйтелге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.

Өз кезегінде А.Рюйтель оның қызметіне жоғары баға бергені үшін алғыс айтып, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуда табыс тіледі.