Қазақстан Елшісі Эстонияның Бас аудиторымен кездесті

Қазақстан Елшісі Эстонияның Бас аудиторымен кездесті

Таллинн, 2021 жылғы 1 желтоқсан – Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстонияның Бас аудиторы Янар Хольммен кездесті.

Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, Қазақстандағы экономикалық және саяси үдерістерді, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шараларды талқылады. Осы орайда қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстан дамуының негізгі бағыттары туралы хабардар етті.

Кездесу соңында Елші Н.Сейтімов сұхбаттасушыға төрайым Н.Годунованың атынан «Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 25 жылдығы» мерекелік медалін табыс етті.