
Таллинн, 2021 жылғы 24 тамыз - Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстонияның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының жаңадан тағайындалған басшысы Тоомас Тирс мырзамен кездесті.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты Қазақстан-Эстония қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, халықаралық өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарын белгіледі, көпжақты платформалардағы өзара іс-қимыл туралы пікір алмасты. Осы тұрғыда дипломаттар елдер арасындағы жан -жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген ниеттерін білдірді.
Әңгіме соңында Н.Сейтімов әріптесін тағайындалуымен құттықтап, Қазақстандағы миссиясының сәтті өтуін тіледі.