Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында Қазақстан Республикасында жалпыұлттық халық санағы өтеді.
Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында «
www.sanaq.gov.kz» сайтында онлайн-режимде санақ парақтарын толтыру арқылы халық санағынан өте алады.
Онлайн-режимдегі санаққа қатысу үшін, ең алдымен, «
www.sanaq.gov.kz» сайтында тіркеуден өту керек. Тіркеуден және авторизациядан сәтті өткеннен кейін толтырылуы қажет санақ парақтарының электрондық нұсқалары қолжетімді болады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде санақ базасына түседі.