Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан-Эстония дөңгелек үстелі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан-Эстония дөңгелек үстелі өтті

Таллинн, 2021 жылғы 9 маусым - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп, екі елдің сарапшыларының қатысуымен онлайн режимінде халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға қатысушылар Тәуелсіздік жылдарындағы елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі жетістіктерімен, сондай-ақ жүргізіліп жатқан реформалармен танысты.

Сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары және екіжақты қатынастарды нығайту тұрғысындағы басқа мәселелер талқыланды.

Іс-шараға Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов, Эстонияның Қазақстандағы бірінші Елшісі Ян Хейн, Пыхья-Таллинн ауданының басшысы Пеэтер Ярвелайд, Қазақстанның Эстониядағы Құрметті консулы Денис Бородич, Эстониядағы «Атамекен» қазақ қоғамының төрағасы Айдынай Бухарбаева қатысты.

Қазақстандық тараптан бейнеконференцияға Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының бірінші орынбасары Әлия Қожабекова, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ақын, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Геннадий Пуссеп, Нархоз Университетінің Онлайн-оқу орталығының директоры Эрик Соотла, пианист, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисті Майя Сепп, журналист Елена Коэмец, «Кайнар» университетінің оқытушысы Мария Ойнас, этнология және антропология кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері, кандидат Ақсұңқар Абдулина.

Кездесу соңында конференцияға қатысушылар қазақстандықтарды мерейтоймен құттықтап, елімізге өркендеу мен сәттілік тіледі.