Қазақстан Еуропалық Парламентпен өзара іс-қимылды белсенді түрде дамытып келеді

Қазақстан Еуропалық Парламентпен өзара іс-қимылды белсенді түрде дамытып келеді

Таллинн, 2021 жылғы 7 маусым - Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстондық Еуропалық парламентінің депутаты Яна Тооммен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстандағы экономикалық және саяси реформаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында өткізілетін іс-шараларды талқылады. Осы тұрғыда қазақстандық дипломат еуродепутатты саяси саладағы институционалды реформалар туралы хабардар етті.

Парламенттік желіде өзара іс-қимылды арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы атап өтілді.