Қазақстан мен Эстония парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруды жоспарлап отыр

Қазақстан мен Эстония парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруды жоспарлап отыр

Қазақстан Елшісі Н.Сейтімов Эстония Рийгикогу депутаты, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) делегаты Р.Тамммен кездесті.

Әңгіме барысында Қазақстандағы экономикалық және саяси реформаларды, екіжақты саяси және экономикалық байланыстарды тереңдетудің перспективаларын, сондай-ақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы іс-шараларды талқылады.

Парламентаралық ынтымақтастықты жандандыру және оны одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.