МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында ҚР Үкіметі 57 мемлекеттің, оның ішінде Эстония Республикасының азаматтары үшін біржақты негізде орнатылған визасыз режим 2021 жылғы 1 мамырға дейін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Қазақстандағы қалалардың халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен авиакомпаниялармен үшінші елдерге ұшатын Қытай мен Үндістан азаматтары үшін жетпіс екі сағаттық визасыз режим де 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды.