Қазақстан мен Эстония IT-саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Эстония IT-саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Ү.ж. 22 қазанда Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Н.Сейтімов бейнеконференцияға қатысты, оның барысында Эстонияның IT-компанияларының мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау және басқа да салалардағы бағдарламалық жасақтамалармен таныстырылды.

Сондай-ақ, қазақстандық қатысушылар «е-Estonia» жобасын жүзеге асырудың озық тәжірибелерімен таныстырылды.

Іс-шараға «e-Estonia» ақпараттық орталығының, «B.EST Solutions» «Nortal», «Cybernetica» және «Proud Engineers» компанияларының өкілдері, қазақстандық тараптан - мемлекеттік органдардың, ұлттық және жеке компаниялардың, өңірлік цифрландыру басқармаларының өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қазақстанда эстондық бағдарламалық жасақтаманы қолдану туралы уағдаласты.