
Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына және түркі философы Әбу Наср Әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті.
Эстонияның мемлекеттік почта операторы «Eesti Post» бірінші рет қазақстандық маркаларын басып шығарды. Маркалардың дизайны ағылшын тілінде ұлы ойшылдардың мерейтойларымен үйлесімді стильде жасалған.