
«E-Estonia» орталығымен таныстыру барысында басқарушы директоры Анна Пипераль Эстонияның цифрлық қоғамымен таныстырды және Эстония сенім артатын кейбір электрондық үкімет шешімдерін қамтыды. Сондай-ақ, осыған дейін Қазақстанда қандай қызметтер енгізілгені (X-Road) және ынтымақтастықтың қай салаларында тиімді болатындығы туралы әңгіме болды.
Сондай-ақ, кездесу барысында Қазақстан Елшісіне «Proud Engineers» (мемлекеттік басқару саласындағы бағдарламалық шешімдер) және «Kodality» (денсаулық сақтауды цифрландыру) компаниялары өздерінің мүмкіндіктерімен таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қазақстанда эстондық бағдарламалық жасақтаманың озық үлгілерін қолдану туралы уағдаласты.
Анықтама: E-Estonia ақпараттық орталығы Эстония мемлекеті ұсынатын электронды қызметтерді, оның ішінде сандық сәйкестендіру, X-road, i-дауыс беру, электронды салық салу, электронды резиденттік және басқа көптеген қызметтерді ұсынады.