
Қазақстан Республикасының Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов «Baltic Workboats AS» кеме өндіру компаниясында болып, басқарма мүшесі Юри Таал мырзамен кездесті, ол компанияның мамандандырылған кемелер өндірісіндегі қызметімен таныстырды.
Әңгіме барысында, Каспий теңізінде жұмыс істеу үшін қазақстандық компаниялар сатып алған 8 эстондық кемелердің сәтті жұмысын атап өтті.
Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Анықтама: BalticWorkboats - Эстонияның Насва (Эстония) және Тампа (Флорида) қалаларында кеме жасау зауыттары бар компаниясы. Baltic Workboats компаниясы лоцмандарға, жағалау күзетшілеріне, полицияға, балық инспекторларына, ғылыми-зерттеу институттарына және бірнеше порттарға арналған 190-нан астам қайықтар мен әртүрлі көлемдегі кемелер жасады.