Меню

Страницы

Статья

Эстония Республикасы

Эстония Республикасы

(анықтама)

 

Жалпы мәліметтер

Ресми атауы – Эстония Республикасы (эст. Eesti Vabariik).

Территориясы – 45,227 шаршы км. Еуропаның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен Фин шығанағы суларымен, батыстан Балтық теңізімен және Рига шығанағымен шайылады, оңтүстікте Латвиямен және шығыста Ресеймен шекаралас. Жағалық сызығының ұзындығы 3794 км.

Эстония құрамына Балтық акваториясындағы жалпы ауданы 4,2 мың км² болатын 1521 арал кіреді. Олардың ең ірілері – Сааремаа (2673 км²) және Хийумаа (1023,26 км²), Муху (206 км²), Вормси (93 км²), Кихну (16,4 км²) және т.б.

Әкімшілік бөлінуі – уездік ақсақалдар басқаратын  және 226 жергілікті өзін-өзі басқаруға бөлінетін (олардың 33-і қалалық, 193-і болыстық) 15 уез (маакондтар) (үкімет 5 жыл мерзімге аймақтар істері жөніндегі министрдің ұсынысы бойынша тағайындайды).

Астанасы – Таллинн (430 мың тұрғын). Басқа ірі қалалар: Тарту, Нарва, Кохтла-Ярве, Пярну.

Эстония климаты қоңыржай теңізден қоңыржай континенттікке ауысады, қысы жұмсақ және жазы салқын.

БҰҰ, Еуропалық одақ пен САШҰ (НАТО) мүшесі. Еуроаймаққа кіреді және Шенген келісімінің қатысушысы.

Халқы – 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 1 328 360 адам. Этникалық құрамы: эстониялықтар (69%), орыстар (25%), украиндер (2%), белорустар (1%) және финдер (1%).

Негізгі дін – лютерандық. Сонымен қатар, православие мен католицизм, басқа да діни ағымдар көп тараған.

Ұлттық мереке – 24 ақпан, Тәуелсіздік Күні (1918).

Мемлекеттік тіл – эстониялық (фин-угор тілдер тобы).

Ақша бірлігі – еуро (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап).

 

Мемлекеттік құрылымы

Эстония парламенттік республика болып табылады. Елдің қолданыстағы Конституциясы 1992 жылғы 28 маусымда референдумда қабылданды.

Ел басшысы – Президент, Рийгикогу (парламенттің) жасырын дауыс беруі арқылы бес жылға, бірақ екі мерзімнен аспайтын уақытқа сайланады. С 2016 жылғы 10 қазаннан бастап Эстония Президенті – ел тарихындағы алғашқы әйел президент Керсти Кальюлайд болып табылады.

Заң шығарушы билік бір палаталық парламент Рийгикогуға (Государственное собрание) тиесілі, оның құрамына аралас жүйе бойынша 4 жыл мерзімге сайланатын 101 депутат кіреді. Парламенттің қазіргі құрамы 2019 жылғы 3 наурызда сайланды, оң-либералдық «Реформалар партиясы» жеңіске жетті. Барлығы парламентке 5 партия өтті – реформашылар (101-ден 34 мандат), Центристік партия (26 орын), Консервативтік халық партиясы (19 орын), «Отан» партиясы (12 орын), Социал-демократиялық партия (10 орын).  

Эстонияда жыл сайын көктемде парламент басшылығын сайлау өткізіледі. 2019 жылғы сәуірде Хенн Пыллуаас парламент спикері болып сайланды.

Атқарушы билік Республика Үкіметіне тиесілі, оны парламентке сайлауда жеңген партияның көшбасшысы немесе парламенттік коалицияның көшбасшысы болып табылатын премьер-министр басқарады. Министрлер кабинетін парламенттің мақұлдауын алған премьер-министрлікке кандидаттың ұсынысы бойынша президент бекітеді.

Эстония Үкіметі 2016 жылғы 23 қарашада ант беріп, өз қызметіне кірісті. Эстонияның центристік партиясының көшбасшысы Юри Ратас Премьер-Министр болып табылады.

Мемлекеттік органдардың Конституция мен заңнаманы сақтауын қадағалауды Президенттің ұсынуы бойынша парламент тағайындайтын әділет канцлері – тәуелсіз шенеунік жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджеттің және меншіктің пайдаланылуын экономикалық бақылауды басқа тәуелсіз орган – Мемлекеттік бақылау жүзеге асырады.

Жоғарғы сот инстанциясы – Мемлекеттік сот, аппеляциялық инстанция соттары – аймақтық соттар, бірінші инстанция соттары – жер соттары, прокуратура органдары – Мемлекеттік прокуратура, аймақтық прокуратуралар.

Жергілікті өмірдің барлық сұрақтарын жергілікті өзін-өзі басқарулар шешеді, олар заң шеңберінде автономды түрде қызмет атқарады, жеке бюджеті және кейбір жергілікті салықтар мен алымдарды (мысалы, жарнамаға, көшелер мен жолдарды жабуға, үй жануарларына, ойын-сауық мекемелері мен шараларына салықтар, автотұраққа төлем және т.б.).

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі органы осы муниципалитеттің тұрақты тұрғындары төрт жылдық мерзімге сайлайтын кеңес болып табылады (парламенттік сайлаудан айырмашылығы – жергілікті сайлауларда, сонымен қатар, азаматтығы жоқ азаматтар және тұрақты тұрғын мәртебесі бар басқа елдің азаматтары дауыс бере алады).

Дата публикации
16 октября 2020
Дата обновления
16 октября 2020
Тип
Жаднама

Сейчас читают

Ақпарат
23 марта 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
Ақпарат
22 марта 2025
Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу
Ақпарат
22 марта 2025
Қазақстан Республикасына оралуға арналған куәлікті ресімдеу

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары