Меню

Страницы

Статья

Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, ұзарту

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелері көрсетеді

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушіге:

1) көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама; Анкета 

2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе ҚР СІМ-де виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе алушылардың қолдаухаты;

3) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт);

4) консулдық алымды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;

Төленген консулдық алымдардың сомасы қайтарылмайды. (ҚР Салық кодексінің 629-бабының 7 тармағына сәйкес, 25.12.2017 N 120-VI нұсқа)

5) Виза санатына сәйкес қажетті қосымша құжаттар. 

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды. Портал арқылы жүгінген уақытта - 1 (бір) жұмыс күні. Егер келісуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет келісім алғаннан кейін 1 жұмыс күннің ішінде ұсынылады (көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жүгінген уақытта).

 

1.

Шетелдік дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге виза беру туралы нотаны әзірлеу және басып шығару

20 еуро

2.

Бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа)

75 еуро

 

Көп мәртелiк виза (туристік және транзиттік визалардан басқа)

бір жылға дейін
- 170 еуро
екі жылға дейін
- 330 еуро
үш жылға дейін
- 450 еуро
төрт жылға дейін
- 600 еуро
бес жылға дейін
- 850 еуро

3.

Туристтік виза:

 

бір мәртелік виза

50 еуро

көп мәртелік виза

80 еуро

4.

Транзиттік виза:
бір мәртелік

15 еуро

 

көп мәртелік

80 еуро

 

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келу және отбасымен бірігу туралы қолдаухатын ресiмдеу

75 еуро

Консулдық бөлімде сізге ыңғайлы өтініш беру күні мен уақытын таңдаңыз:  Termin

 

Қабылдау күндері

дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма  

Құжаттарды қабылдау уақыты

09:30-12:30 

Құжаттарды беру уақыты

16:00-17:00

 

Мекенжай 10143 Эстония, Таллинн қ-сы, Рявалы бульвары, 5 (7 қабат)
Телефон (+372) 6622926,(+372) 6622927 - Консулдық бөлім
e-mail tallinn@mfa.kz

 

АПОСТИЛЬ ҚОЮ

Қазақстан Республикасы Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын 1961 жылғы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылады.

Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының құзыретті органдары жасаған және Эстония Республикасының аумағында пайдалануға арналған құжаттарға «Apostille» мөртабаны қойылады.

Apostille мөртабанын қою үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1)   өтініш

2)   өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат

3)   апостиль қоюға жататын құжат;

4)   консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.

Apostille мөртабанын әрбір құжатқа қою үшін консулдық алым 30,00 еуроны құрайды

Маңызды! Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консулдық алымдар қайтарылмайды, сондықтан алдын ала төлем жасамауыңызды сұраймыз

Дата публикации
20 августа 2020
Дата обновления
20 августа 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 марта 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
Ақпарат
22 марта 2025
Қазақстан Республикасына оралуға арналған куәлікті ресімдеу
Ақпарат
22 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары